Соңғы екі жылда полиция департаментінің қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгіп, құрылыс қалдықтарын заңсыз шығару мәселесі бойынша 28 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Бақылауды күшейту үшін өңірде 189 мобильді топ құрылды, оның құрамында 490 полиция қызметкері бар. Олар күн сайын рейд жүргізіп, проблемалық учаскелерді тексеріп, елді мекендер мен қала және ауылдардың шетінде де заңбұзушыларды анықтайды.
— Сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне ерекше назар аударылады. Осылайша, екі жыл ішінде арнаулы полигондардан тыс жерлерге лас су төккен 83 ассенизаторлық көлік иелері анықталды. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз шығарған 69 ауыр жүк көлігінің қызметі тоқтатылды. Сондай-ақ 19 қоқыс тасымалдаушының экологиялық талаптарды бұзғаны анықталды. Тек осы жылдың басынан бастап полицейлер 4 мыңға жуық заң бұзушылықты тіркеді, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша 411 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталған.