Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Кенесары көшесі бойындағы жалпы қалалық №21 орта мектептің маңына өткен шараға басқарма басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев, Саяси жұмыс және қоғамдық даму бөлімінің басшысы Алмат Нүкенов, «Қоғамдық даму орталығы» ұжымы, «Байтақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Кәрімов, «Ауыл» партиясы мүшесі Асылхан Шарипов, Көкшетау қаласының қоғам белсенділері мен қала жастары қатысып, белсенділік танытты.
«Бүкіл еліміз бойынша республикалық «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Акцияның әр аптасы түрлі тақырыптарға арналған. Ақмолалықтар да бұл акция үлестерін қосып, тарихи және киелі орындарды абаттандырып, қоқыстан тазартуда. Бүгін «Жасыл аймақ» апталығы барысында сүйікті қаламызда 50 түп қарағай отырғызыдық. Осы игі іске үлес қосып жатқан қоғам белсенділеріне алғысымды білдіремін», - деп атап өтті Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда 9 мыңға жуық ағаш отырғызылғанын жазған едік.