Ақмола облысында жолда қалған 64 өзбекстандық эвакуацияланды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында жолда қалған өзбекстандық 64 жолаушы эвакуацияланды, оның 17 бала.Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда «Жақсы-Есіл-Бұзылық» тас жолының Жақсы ауылы тұсында «Астана-Челябі» бағытындағы жолаушылар автобусы істен шыққаны туралы хабар түскен.
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
«Шақыру орнына дереу Жақсы ауданының құтқарушылары Аяз Мақашев пен Сайлаубек Қажымұратов барды. Олар істен шыққан автобуста болған 64 жолаушыны (оның 17 бала) Жақсы ауылындағы N1 орта мектепте орналасқан жылыту орнына жеткізді. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді», - деді ведомстводан.
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 65 тәжікстандық жолаушы құтқарылғанын жазған едік.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.