Ақмола облысында жүк локомотиві өртенді

АСТАНА.KAZINFORM — Ақмола облысының Аршалы ауданында «Астана – Қарағанды» бағыты бойынша келе жатқан жүк локомотивінің машинист кабинасынан өрт шықты. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісі хабарлады.

Фото: Ақмола облысының ТЖД

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт машинист кабинасынан шығып, шамамен 15 шаршы метр аумақты шарпыған.

Фото: Ақмола облдысының ТЖД

Ведомствоның ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаевтың айтуынша, өрт Астана қаласының өрт сөндіру пойызының күшімен толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Фото: Ақмола облсының ТЖД

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT жолдарындағы электр кабельдері жанғанын жаздық.