Ақмола облысындағы алаяқтық іс бойынша бұрынғы директор сотталды

Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM — Целиноград ауданының прокуратурасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Талапкер ауылының үлескерлерінің арызына сәйкес «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің директорының әрекеттеріне қатысты кешенді шаралар қабылдады. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасы мәлім етті.

Анықталғандай, 2025 жылдың тамыз айында «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің бұрынғы директоры кәсіпорынға тиесілі аумағы 211 гектар жер учаскесін заңсыз түрде 7 350 000 теңгеге сатып, үлескерлерге ірі мөлшерде залал келтірген.

— Целиноград аудандық сотының 09.01.2025 жылғы үкімімен «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің бұрынғы директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және қосымша жаза ретінде 4 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетйік, бұған дейін БҚО-да Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы парамен ұсталғанын жаздық