Облыс әкімі Марат Ахметжанов АЭС салу мәселесі бойынша референдумда «Көкшетау» мәдениет сарайы ғимаратында орналасқан №18 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Айта кетсек, Ақмола облысында 765 сайлау учаскесі жұмыс істейді, 513 254 сайлаушы тіркелген.
Еске сала кетейік, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Сондай-ақ бұған дейін Ақмола облысында референдум қалай өтіп жатқанын жазған едік. Дауыс беру процесіне 10 қоғамдық бірлестік және коммерциялық ұйым өкілдері байқаушы ретінде қатысып жатыр.