ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
7 кг-ға жуық «мефедрон» жүйкеге әсер ететін заты, 100 литрден астам прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленген.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осыған дейін ҰҚК өкілдерінің аса ірі көлемде есірткі саудалаған қылмыстық топтың жолын кескенін хабарладық.