Ақмола облысында 18 жастағы жігітті көлік қағып, мерт қылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Целиноград ауданында 18 жастағы жігітті көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың 2 маусымында Нұр-Сұлтан қалалық ПД жедел басқару орталығының кезекші бөліміне Талапкер ауылының аумағында «Алматы-Екатеринбург» автожолының 1237 шақырымында «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы телефон хабарламасы түсті.

«Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған 20 жастағы астаналық жолды рұқсат етілген тұсынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан Талапкер ауылының 18 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жас жігіт оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, көлік жүргізушісінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345 бабының 3-ші бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен бірге, оған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасуда.