Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның ақпарат алаңында айтты.
«Ақмола облысында үш ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру әрекеті анықталды. Оларды Нұр-Сұлтан қаласынан алдап шығарып, қыркүйектің басынан бері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде күштеп жұмысқа салған. Ер адамдар бақшадан қазылған картопты іріктеуге тартылғаны аннықталды. Оларға күн сайынғы жұмыстары үшін 8-10 мың теңге қолма-қол ақша төлеуге уәде берілген», - деді ІІМ өкілі.
Оның айтуынша, уәде етілген ақша төленбеген.
«Зардап шегушілер контейнерде түнеп, тәулігіне 12-13 сағат жұмыс істеп келген. Үйге қайуға әрекеттенгенімен, күш қолданып, қорқыту арқылы заңсыз ұсталған. Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес (адам сату) іс қозғалды», - деді Қанат Нұрмағамбетов.