Полицейлердің мәліметі бойынша, үстіміздегі жылдың 26-28 қаңтары аралығында жүргізілген жедел алдын алу шарасына облыстағы 1 184 тәртіп сақшысы, 21 мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылған.
«Аталған шараның қорытындысы бойынша автобус жүргізушілері тарапынан 406 рет жол жүру ережесі бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 104 жүргізушіге рөлде келе жатып ұялы телефонымен сөйлескені үшін, 88-не бұрылу ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Оған қоса, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 12 жүргізуші, сақтандыру полисі жоқ 32 жүргізуші, көлігін заңсыз жабдықтаған 5 және еңбек режимін бұзған 9 жүргізуші айыппұл төлейтін болды», дейді полицейлер.