Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
«2016 жылдың 25 қаңтарында Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 24 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Зардап шегушiнің айтуынша, белгісіз біреу оның «Лада-Гранта» көлігінің терезесін бұзып, ішіндегі әмианын құжаттарымен бірге ұрлап әкеткен.
Осыған орай аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Жедел-іздестіру шарасы барасында 20 жастағы жас жігіт ұсталды. Күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды.
Сонымен қатар, 3 наурызда Ақкөл қаласында 62 жастағы тұрғынның көлігін үй ауласынан айдап әкетпек болған екі жас жігіт қолға түсіп, қылмысты болды», деп көрсетілген хабарламада.