Ақмола облысында бірқатар республикалық жолда қозғалысқа тыйым салынды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, 6 ақпан, сағат 19:45-тен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, боран) республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Атап айтқанда:

- «Екатеринбор-Алматы» автожолының 917-1247 шақырым аралығы (Жақсы кенті - Нұр-Сұлтан қаласы);

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасы - Сурган кенті);

- «Жезқазған Петропавл» автожолының 337-595 шақырым аралығы (Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары шекарасы);

- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-65 шақырым аралығы (Жақсы-Есіл).

Еске салайық, бұған дейін республикалық екі автожолда қозғалысқа шектеу қойылғанын жазған едік.

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады.