Полицейлердің мәліметі бойынша Целиноград ауданының Өтеміс ауылында жергілікті полиция қызметкерлері 44 жастағы адамды ұстады.
«Құжаттарын тексеру барысында күдіктінің Армения Республикасы ҚК 177-бабының 2-бөлімі бойынша істі болып, халықаралық іздеуде жүрген азамат екені анықталды.
Қазіргі кезде, күдікті қамауға алынды. Целиноград аудандық ІІБ қызметкерлері аталған іс бойынша құжаттарды жинастырып, Ереван қаласының Шенгавитск полиция басқармасының бөліміне жолдайтын болады», деп көрсетілген хабарламада.