ЖШС келтірілген шығын көлемі 12 миллион теңгені құрады.
«Жедел-іздестру шарасы барысында Сандықтау аудандық ІІБ қызметкерлері осы ауылдың 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қырман меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзін бидайды сатып алушыға ЖШС директорымын деп таныстырған. Кейін еш құжатсыз қырманда сақтаулы тұрған биылғы жылдың 280 тонна бидайын жүк көліктерімен жөнелтіп отырған», делінген хабарламада.
Қазіргі кезде, ҚР ҚК 189 бабының 9 бабы бойынша (біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін жаза тағайындалуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда.