Ведомствоныңмәліметінше, облыс аумағында шілденің 16-17 аралығында «Келімсек-2019» жеделалдын алу шарасы жүргізілді. Оған облыстық ПД жеке құрамынан 300 қызметкержұмылдырылды. Аталған шара облыс аумағында тұрып жатқан, сондай-ақ, жұмыс істепжүрген шетел азаматтары тарапынан көші-қон заңнамаларын бұзғанын анықтаумақсатында қолға алынып отыр. Екі күн бойы жүргізілген жедел-алдын алу шарасыкезінде көші-қон полициясының қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасының бұзылуынақатысты 150 әкімшілік хаттама толтырды.
«Нақтырақ айтсақ,2019 жылғы 16 шілдеде тәртіп сақшылары Ресей Федерациясының 25 жастағы тұрғынынұстады. Ол Ресейдің ҚК-нің 158-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшінТатарстан Республикасының Жазаны орындау федеральды қызмет басқармасы тарапынаніздеуде болған.
Сонымен қатар, шарабарысында полиция ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасап, іздеудежүрген 46 жастағы қылмыскер және сот белгілеген мерзімде елден шығу туралыҚазақстан сотының шешімін орындамаған өзбекстандықты ұстады», дейді ведомстводан.
Бұдан бөлек, облыстаҚР Көші-қон заңнамасының бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 518-бабы бойынша 28 шетелдіктіқабылдаушы тарап және шетелдік жұмыс күшін қолданған 8 жұмыс берушіжауапкершілікке тартылды. Ал, ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 111 шетел азаматыҚР ӘҚбК 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, шетелдіктерді елаумағынан шығару туралы 20 сот актісі қабылданса, 6 шетел азаматының уақытшаболуы мерзімі қысқартылды.