Ақмола облысында оқушы қыз 19 жастағы жігітпен қашып кеткен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жоғалған мектеп оқушысы Шымкенттен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша,  үстіміздегі жылдың 19-шы қаңтарында 16 жастағы бойжеткен мектепке кеткен күйі үйіне оралмаған. Кейін іздестіру шарасы барысында оқушы қыз Шымкент қаласынан табылды. Оның 19 жастағы жігітпен кетіп, отбасын құрмақ болғаны анықталды.

Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша қазіргі кезде қыз ата-анасына табысталып, мектебінде сабағын жалғастыруда.