Ведомствоның мәліметінше, ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті мен ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, Көкшетау қаласында арнайы операция жүргізген.
Оның барысында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы және осы басқарманың қылмыстық топтармен айналысатын бөлімінің аға жедел уәкілі қолға түсті.
Оларға материалдық пайда алу мақсатында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.
«Жүргізілген тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан тергеліп жатқан іске қатысы бар ақша қаражаты алынды. Күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК 361-бабының 2-1-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.