Ақмола облысында полиция қызметкері жоғалып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Көкшетау қалалық ІІБ полиция қызметкері Дархан Мұратұлы Еламанов іздестірілуде, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 25 желтоқсан күні кешкі 20:00 мен 21:00 аралығында жұмыстан үйіне қайтқан, сол беті жоғалып кеткен.

"Дархан Мұратұлы Елеманов 1989 жылы туған. Бойы 170-175 см, дене бітімі орташа, шашы қара түсті, үстіне қысқы полиция киімін киген. Іздестіру шарасына Ақмола облыстық ІІД жеке құрамы тартылған. 

Дархан Еламановтың жүрген жері туралы ақпаратты білетін адамдар болса арнайы "102" телефон нөмірі немесе 8-716-2-29-96-00, 8-716-2-25-78-05 хабарласуларына болады", деп көрсетілген хабарламада.