Ақмола облысында Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған бейнеролик түсірілді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың жүз жылдық мерейтойына арналған бейнеролик түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция департаментінің шығармашылық ұжымының қатысушылары Қарлығаш Тәшімова, Әйгерім Жақыпбаева, Айдана Исина және Бекзат Жұмаенов Роза Бағланованың «Інкәрім ай», «Ах, Самара городок» және «Әдемі ау» композицияларын орындады.

«Бүгінде полиция ведомствосының алдында жас полиция қызметкерлерін идеологиялық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі міндеттер тұр, ал ұлттық мәдениеттің бастауына оралу – бұл жас полицейлерде патриотизм рухын, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен өз отандастарына деген мақтаныш сезімдерін дамытудың тамаша мүмкіндігі», - деп бөлісті ведомстводан.