Полицейлердің мəліметі бойынша ағымдағы жылдың 18-19 қыркүйек күндері аралығында «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1345 шақырымында , яғни Анар стансасының маңында белгісіз көлік 1966 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 50 жастағы жаяу алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмған. Ал, көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан.
«Қазіргі кезде көлік жүргізушісіне іздеу жарияланып, оны анықтау бағытында кешенді шаралар қолға алынған. Полицейлер аталған жол көлік оқиғасын көрген, білген немесе осыған қатысты қандай да бір ақпараттан хабардар адамдар болса, Ақмол облысының ІІД жергілікті полиция қызметіне 8 (7162) 29-98-43, 77-44-62, ІІД ЖПҚ кезекшілік бөліміне (7162) 77-00-16 немесе 102 телефон нөмірлері арқылы хабарласуларына болады», - деп көрсетілген хабарламада.