Ақмола облысында жол бойына полицияның 52 бекеті ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының жолдарында қолайсыз ауа райы кезінде жол-көлік оқиғасын алдын алу және төтенше жағдайларды ескерту үшін полицияның 52 бекеті орналастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқановтың айтуынша, ақпанның 7-9 күндері өңірде ауа райы күрт бұылатыны ескертілді. Осыған байланысты ПД жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Өңірдегі республикалық және облыстық маңыздағы күре жолдардың бойындағы елді-мекендерден шыға берісте жол-көлік оқиғасын алдын алу және төтенше жағдайларды ескерту үшін полицияның 52 бекеті орналастырылды»,-дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде, ауа райының күрт бұзылуы және қардың қалың түсуіне байланысты «Нұр-Сұлтан-Петропавл», «Көкшетау-Атбасар», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідертті», «Щучье-Зеренді», «Нұр-Сұлтан-Қорғалжын» және «Нұр-Сұлтан-Қостанай облысы шекарасына дейін» аумақта көліктің барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу қойылды.