Ақмола облысының әкімі полицияға 62 көліктің кілтін тапсырды (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетауда барлық деңгейдегі әкімдер мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен өтіп жатқан семинар-кеңестің екінші күні жергілікті полиция қызметінің бөлімшелеріне су жаңа 62 көліктің кілтін тапсырды.

Оның ішінде жол-патрульдік полиция қызметіне 20 «КИА Церато» және полицияның учаскелік инспекторлары бөлімшелеріне 42 «Нива» көлігі беріліп отыр.

«Бүгін жергілікті полиция қызметі үшін айтуылы оқиға. Сіздердің жұмыстарыңыз автокөліксіз елестету өте қиын. Сондықтан біз бүгінен бастап, жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық паркін жақсартуды қолға алып отырмыз», - деді шара барысында облыс әкімі.

Сонымен қатар аймақ басшысы алдағы уақытта да осындай игі істердің жалғасын тауып, мемлекеттік органдардың автопаркінің нығайтыла беретінін жеткізді.