Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушыларына сату мақсатында Степногорск қаласында бір топ адам жалған есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып, заңсыз алкогольдік өнімдерді құятын жасырын цехтар ұйымдастырған.
Щучье, Көкшетау, Степногорск және Ақкөл қалаларында тінту барысында алкоголь өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар, ыдыстар, сондай-ақ әртүрлі атаудағы сатуға дайындалған 17 мыңнан астам бөтелке дайын алкогольдік сусын, 3 500 литрге жуық алкоголь және 40 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары табылып, тәркіленді.
Сонымен қатар, қылмыстық жолмен табылған 2 млн теңгеден астам ақша, сондай-ақ 3 автокөлік тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.