Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді
11:31, 14 Шілде 2023
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы құрғақ шөп өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 8:50-де Біржан сал ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде жанған құрғақ шөп өрті сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы – 1 100 гектар.
Жел екпінінің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы өртті сөндіруді қиындатты.
Құрғақ шөп өртін сөндіруге Ақмола облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 75 адам және 15 техника жұмылдырылды.
Ақмола облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бұған дейін Ақмола облысындағы құрғақ шөп өртін сөндіру қиынға соғып жатқаны хабарланған болатын.