Бүгін сағат 8:50-де Біржан сал ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде жанған құрғақ шөп өрті сөндірілді. Өрттің алдын ала ауданы – 1 100 гектар.
Жел екпінінің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы өртті сөндіруді қиындатты.
Құрғақ шөп өртін сөндіруге Ақмола облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 75 адам және 15 техника жұмылдырылды.
Ақмола облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Бұған дейін Ақмола облысындағы құрғақ шөп өртін сөндіру қиынға соғып жатқаны хабарланған болатын.