Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Нұрдiлдә Ораз мәлiм еттi.
Айдың басында бір әйел полицияға хабарласып, 48 жастағы ағасының із-түзсіз жоғалып кеткендігін айтқан. Облыстық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері адам өлтірді деген күдікпен 44 пен 29 жастағы ағалы-інілі азаматтарды қолға түсірді", - дейдi ресми өкiл.
Жедел-тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктілер жәбірленушімен бірлесе отырып арақ ішкендіктерін, арада жанжал туындап, оны өлтіріп, кейін мәйітті трактормен мал өлекселеріне арналған орынға апарып, көміп тастағандарын мойындаған. Мүрде эксгумацияланды. Күдіктілер қамауға алынып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.