ІІД ЕББ бастығы Талғат Сейілхановтың айтуынша, Ақкөлде іздеу шараларын жүргізген кезде бұрын заңсыз есірткі сатқаны үшін сотталған 1975 жылғы «Р» есімді Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Одан 3 келі 835 грам «героин» тәркіленді.
Осы уақытта Астана қаласының қызметкерлері оның екі сыбайласын ұстады.
Жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз айналымнан 12 000 бір реттік доза тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 47 млн теңге тұрады.
Астана қ. ІІД ақпаратына сүйенсек, ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 218-бабы, 262-бабы, 296-бабы 4-бөлігі, 297-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы ІІД УҰИ қамалды, тергеу амалдары жүріп жатыр.