Ведомствоның мәліметінше, күдікті басқа қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Енді Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша заң алдында жауап береді.
Жүргізілген тергеу іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары кептірілген марихуана есірткі затын тауып, тәркіледі.
Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы - 8 кг асады.
Анықталғандай, ер адам жұбайы және баласымен бірге тұрады.
Сонымен бірге, оның үйінен оқу-жаттығу гранатасы және пышақ табылып, сараптамаға жіберілді.
«Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау) және 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Есіл ауданында 50 жастағы тұрғын үйінде 6 кг кептірілген марихуана сақтағанын жазған едік.