Ведомствоның дерегі бойынша, 13 қыркүйекте Атбасар аудандық ПБ-ға 55 жастағы Бақтияр Оспановтың жоғалғандығы туралы ақпарат түскен. Қызы Каринаның сөзінше, әкесі 7 қыркүйек күні жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Туыстары бірнеше күн бойы өздері іздеп көрді, одан нәтиже болмаған соң полициядан көмек сұраған.
«Қазіргі кезде, полиция ер адамның туыстар мен жақын таныстарын анықтап, жоғалған күні көрген адамдардан сұрастыруда. Арнайы іздеу тобы құрылып, Ақмола облысының барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне тұспалдау беріліп, көрші аудандар мен облыстардың аумақтарында іздестіру шаралары жүргізілуде», дейді ведомстводан.
Бақтияр Башенұлы Оспанов: бойы 170-175 см шамасында, дене бітімі орташа, беті домаланған, көздері қара, қалың қиғаш қасты, жалпақ тік мұрынды, ақ қысқа шаты, мұрты бар.
Үстіне қара түсті шалбар, қар түсті күртеше, қара түсті аяқ киім киген.
Тәртіп сақшылары Бақтияр Оспановты көрген, жүрген жерін, оған қатысты қандай бір мәліметтерді білетін адамдарға полицияға хабарласуды сұрайды.