Ақмолада полиция қызметкерлері қылмыстық топ құрған

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және пара алғаны үшін полиция қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысыбойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, ұйымдасқанқылмыстық топ құрған Степногор қалалық ПБ басшысының орынбасары, полицияполковнигі Т.Дүйсембаев, Бестөбе кенті полиция бөлімінің басшысы, полициякапитаны Д. Айнагелдинов, Ақсу кенті полиция бөлімінің басшысы, полицияподполковнигі С.Бибатыров, Степногор қалалықПБ криминалды полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны А.Құлышев,ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері полиция майоры А.Жекібаевжәне азамат Б.Мәдиевке қатысты сотқа дейінгі жүргізілген қылмыстық істі тергеушаралары аяқталды.

Аталған тұлғалар«Қазақалтын»ТКМК» АҚ құрамында алтыны бар рудасының заңсыз айналымына қатыстытұлғалардан жүйелі түрде пара алуы үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. 2019жылы 15 шілдеде Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылғанауданаралық сотының шешімімен Т.Дүйсембаев 11 жылға, Д.Айнагелдинов,С.Бибатыров, А.Құлышевтер 10 жылға, А. Жекібаев 8 жылға және Б. Мәдиев 6 жылғасотталды.

Сотталушылар өмірбойына мемлекеттік қызметте істеу құқығынан, сондай-ақ, полиция офицері арнайыатағынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар