Ведомствоның мәліметінше, күдіктінің жарылғыш затты сатумен айналысқандығы туралы ақпарат 2019 жылдың сәуір айында түскен. Жедел іздестіру шарасы барысында Ақмола облысының ПД Криминалдық полиция басқармасы бөлімшесінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша департаменттегі әріптестерімен бірге Степногорск қаласының 33 тұрғынын ұстады.
«Күдікті тау-кен металлургия комбинатында жұмыс істеген және жарылғыш заттарды саудалаумен айналысқан. Ер адам «Петроген - П д.34 мм» жарылғыш затының 40 данасын сату кезінде қолға түсті. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, жарылғыш зат екені расталды.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 291 бабының 3 бөлігі (қару, оқ-дәрі, жарылғыш зат және жарылғыш құрылғы сақтау немесе бопсалау) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.