Ведомствоның мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысы қиындап, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі артып отыр.
- Осыған орай тәртіп сақшылары көлік иелеріне қыс маусымына алдын ала дайындық жүргізуді ұсынады: жазғы дөңгелектерді қысқы түріне ауыстыру, жылдамдықты азайту және арақашықтықты сақтау қажет, - деп ескертті жол сақшылары.
Полиция барлық жүргізушіні жолда аса мұқият болып, ауа райы жағдайын бақылап отыруға шақырды.
Айта кетейік, СҚО-да қыс қарсаңында 4 мың шақырым жол тексеріліп, бірқатар кемшілік анықталды.