КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін сән-салтанатпен атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Салтанатты шара барысында полиция департаментінің үрлемелі оркестрінің сүйемелдеуімен егемен еліміздің мемлекеттік рәміздері - Ту мен Елтаңба мәжіліс залына шығарылды. Бұдан кейін, аталмыш оркестрдің сүйемелдеуімен полиция департаментінің 120 қызметкері әнұранды шырқады», - деп мәлім етті ведомстводан.
Сонымен қатар, бір топ полиция қызметкеріне салтанатты түрде офицерлік атақ берілді. Бұдан бөлек, 9 адам орта және жоғары басшылық құрамның погонын алды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.