Шараға Ақмола облысының ІІД басшысы, полиция полковнигі Ержан Сәденов қатысып, әріптестерін мерекемен құттықтады.
«Мемлекетіміздің Конституциясы - бұл біздің береке-бірлігіміздің, құқығымыз бен еркіндігіміздің, ұлтаралық келісім мен еліміздің гүлденуінің кепілі болып табылады. Бүгінде елімізде саяси, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіліп, мемлекетіміз нығайып келеді. Осы ретте, қоғамның тыныштығын сақтауда полиция қызметкерлеріне зор міндеттер жүктеліп отыр. Мұны әрбір тәртіп сақшысы жете түсініп, өз қызметіне адал болуы тиіс», - деп атап өтті Ержан Сәденов.
Салтанатты шара барысында ҚР ІІМ бұйрығымен қызметік міндетін атқаруда адалдық танытқан 20-дан астам полиция қызметкері марапатталды. Оның ішінде Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Серік Баймұқанов «Құқық тәртібін қамтамасыз етугі қосқан үлесі үшін» медалі, Криминалды полиция басқармасының басшысы Талғат Асылбеков «Ішкі істер органдарының ардагері» медалі, полиция майоры Мейрам Сыздықов, полиция капитаны Қанат Отарбаев, полиция капитаны Жеңіс Аққошқаров және аға лейтенант Ренат Айтқожин І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Ішкі істер органдарының мінсіз қызметі үшін» медальдерімен марапатталды.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарында қызмет істейтін өзге де ақмолалық полицейлер ҚР ІІМ бұйрығымен төсбелгі, құрмет грамотасы және Алғыс хаттарға ие болды.