АСТАНА. KAZINFORM — Ақорда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізетін заңның мақұлданғанын хабарлады.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазды ресми дереккөз.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, бұған дейін Президент дипломатиялық қызметке қатысты заңға қол қойды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.