Ақпанның 5-і күні таңға жуық Қытай аумағында екі рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-і ақпан күні Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 04-58-де және 05-05-те жер сілкінді. Зілзаланы «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі тіркеді.

Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 397 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.2, магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 5 шақырым.

Таңғы сағат 05-05-тегі зілзала ошағы да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 386 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5, магнитудасы - 4,4. Тереңдігі - 5 шақырым. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ.