Ақсай қаласында пәтердегі өрт орнынан үш адамның мүрдесі табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында пәтердегі өрт орнынан үш адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 ақпан күні сағат 03.30 шамасында Ақсайдағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды.

Жанған пәтерден 1977 және 1990 жылғы ер адамдардың, сондай-ақ 1996 жылғы қыздың денесі табылды.

Марқұмдардың мүрделері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталған дерек ҚР ҚК 202-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.