Бұл қадам АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясынан кейін шамамен бір ай өткен соң жасалды.
15:50, 02 Ақпан 2026
АҚШ 7 жылдан кейін Венесуэладағы дипломатиялық миссиясын қайта ашты
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың жаңа уақытша сенімді өкілі Лаура Догу Венесуэлаға келді. Осы арқылы 2019 жылдың ақпанынан бері тоқтатылған дипломатиялық қарым-қатынасты жандандырды.
Айта кетейік, Венесуэланың биліктен шеттетілген президенті Николас Мадуроның шешімімен 2019 жылдың ақпан айында Каракас пен Вашингтон дипломатиялық қарым-қатынастарын үзді.
Лаура Догу бұған дейін Никарагуа мен Гондураста елші болған.
Еске салсақ, арнайы операция барысында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-қа жеткізіліп, тұтқындалған.
Биыл қаңтар айында Николас Мадуро биліктен шеттетілгеннен кейін алғаш рет АҚШ Мемлекеттік департаментінің делегациясы Венесуэлаға барды.
Автор: Аружан Жәнәділ