АҚШ әкімшілігінің екі өкілінің мәліметінше, тергеулердің бірі Nvidia компаниясының монополияға қарсы заң талаптарын бұзған-бұзбағанын анықтауға бағытталған.
Ал қалған екі іс Megaspeed және Supermicro компанияларының қызметіне қатысты. Бұл тергеулер аясында америкалық билік өкілдері Қытай барлау қызметімен ынтымақтастық жасады деген күдікке ілінген Элис Хуангқа қатысты мән-жайларды зерттеп жатыр.
Басылымның жазуынша, үш тергеу бір-бірінен тәуелсіз жүргізілуде. Әзірге Nvidia компаниясының Элис Хуангқа қатысты болжамды заң бұзушылықтарға қатысы бар екенін растайтын дәлелдер жоқ.
Дереккөздердің хабарлауынша, АҚШ Әділет министрлігі әзірге Nvidia компаниясына да, оның бұрынғы бас директоры Дженсен Хуангқа да айып тағуды жоспарлап отырған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Дженсен Хуанг Элис Хуангпен қарым-қатынасына қатысты ақпарат тарағаннан кейін некеден тыс байланысы болғанын мойындаған еді.
Осы оқиғалар аясында Nvidia директорлар кеңесі шетелдік барлау қызметінің компания басшысы арқылы корпоративтік ақпаратқа қол жеткізуге әрекеттенгені туралы болжамдарды тексеру үшін тәуелсіз тергеу бастаған.
Бұған дейін АҚШ басқа елдердің Nvidia чиптерін қолдана алмайтынын мәлімдеген еді.