АҚШ әуежайда тексеріс кезінде жолаушыларға аяқ киімдерін шешпеуге рұқсат етеді
АСТАНА.KAZINFORM — АҚШ көлік қауіпсіздігі басқармасы бұл тәртіп енгізілгеніне 20 жыл өткен соң елдегі көптеген ірі әуежайлардағы тексеріс кезінде жолаушыларға аяқ киімдерін шешпей-ақ қоюға рұқсат беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ABC News.
Агенттік мәліметінше, ведомствоның бірнеше әуежай басшыларына жолдаған жадынамасында жаңа ереженің 13 шілдеде жүзеге асырылатыны айтылған. Сонымен қатар, бұл шараны АҚШ-тың барлық әуежайында кезең-кезеңімен енгізу басты мақсат екені атап өтілген. Металл іздеуші жақтаулар іске қосылмай қалған жағдайда ғана аяқ киім шешу талап етіледі.
Барлық жолаушыға аяқ киімдерін шешу талабы 2006 жылы енгізілген. Бұл Парижден Майамиге ұшып бара жатқан American Airlines ұшағының бортындағы лаңкестік әрекеттен бес жыл өткен соң басталды. Қылмыскер жарылғыш затты аяқ киіміне жасырып, кабинаға кіргізген, бірақ оны іске қоса алмаған. 2011 жылы аяқ киімді тексеру ережелері 12 жасқа дейінгі балалар мен 75 жастан асқан ересектер үшін жеңілдетілді.
Бұған дейін Boeing әуе апаттары, қызметкерлердің наразылығына байланысты беделінің төмендеуі және қаржылық қиындықтарға байланысты дағдарысты бастан кешіріп жатқаны хабарланған.
Айта кетелік Түрік авиакомпаниялары шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салатыны туралы жазған едік.