АҚШ доллары қор нарығында 6 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,64 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы 531,96 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 536,08 теңгеден сатып алынады, 538,61 теңгеден сатылады. Еуро 627,12 –633,74 теңге, ал рубль 6,72 — 6,84 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 533,65 теңгеден сатып алынады, 542,12 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 624,68 теңгеден сатып алуға, сату — 634,68 теңге;
— рубль: сатып алу 6,76 теңге, сату — 6,92 теңге.
Бүгін таңертең Алматыда доллар 533,43-535,72 аралығында, Астанада 530,55- 537,55 аралығында саудаланған еді.
Кейін ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 540 теңгеден асты.
Еске салайық, 22 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы сәл қымбаттап, 531,96 теңге болды.