Елші мен Алматыдағы Бас консулдың құттықтауы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды.
«Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерді құттықтау – біз үшін үлкен құрмет. Сіздердің Жеңіске қосқан үлестеріңізді ұмытпаймыз», - дейді құттықтауында Уильям Мозер.
Өз кезегінде Ерик Майер қазақстандықтарға мығым денсаулық пен елде бейбітшіліктің сақталуын тіледі.