Бұл гипердыбысты AllUpRound (AUR) кешенінің биылғы екінші рет сәтті өткізілген сынағы. Сондай-ақ бұл батарея басқару орталығы мен ұшыру құрылғысын пайдалана отырып, ұзақ қашықтыққа бағытталған гипердыбысты жүйенің әскери мақсатқа пайдалану шарасы.
- Бұл сынақ біздің ең озық қаруландыру жүйемізді дамытудағы маңызды кезең. Біз Conventional Prompt Strike(жылдам жаһандық соққы) жүйесін Әскери-теңіз күштерінің суүсті және суасты кемелеріне интеграциялау бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, - деді Әскери-теңіз күштерінің хатшысы Карлос Дель Торо.
Гипердыбысты жүйе дыбыс жылдамдығынан 5 есе тез ұшады және жылдамдық, қашықтық, икемділік, биіктік сияқты мүмкіндіктерді ұштастырады. Өз кезегінде ол кез келген қиындықтан өтіп, жақсы қорғалған, ерекше маңызды нысанды жоюға мүмкіндік береді.
Әскери-теңіз күштерінің стратегиялық бағдарламаларының директоры, вице-адмирал кіші Джонни Вулф бұл сынақ бірлескен соғыс талаптарын қанағаттандыру үшін революциялық гипер дыбысты қару жүйесін жасауға мүмкіндік берген Әскери-теңіз күштері мен армияның сәтті серіктестігінің көрінісі екенін атап өтті.
Осыған дейін КХДР-дің жаңа баллистикалық және жаңартылған қанатты зымырандарды сынақтан өткізгені туралы жазған едік.