КХДР жаңа баллистикалық және жаңартылған қанатты зымырандарды сынақтан өткізді
АСТАНА.KAZINFORM - Солтүстік Корея ультра үлкен оқтұмсықты және жаңартылған қанатты зымыранды алып жүруге қабілетті жаңа тактикалық баллистикалық зымыранды сәтті сынақтан өткізгенін мәлімдеді, деп жазады ЦТАК.
Солтүстік Корея орталық телеграф агенттігінің (ЦТАК) мәліметінше, «Хвасонфо-11» деп аталатын жаңа зымыран КХДР-ның Бас зымыран ғылымы басқармасы жүргізген сынақ кезінде салмағы 4,5 тонна болатын үлкен оқтұмсықпен жабдықталған.
– Сынақ мақсаты 320-ға дейінгі орташа қашықтықтағы нысанаға ультра үлкен оқтұмсық зымыранының соғу дәлдігін және ультра үлкен оқтұмсық жарылысының күшін тексеру болды, - делінген хабарламада. «Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын сынақтарды қадағалап, нәтижесіне қанағаттанғанын білдірді», - деп жазды агенттік.
Бұған дейін Солтүстік Кореяның солтүстік-шығыс бағытта қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды ұшырғаны хабарланған болатын.