Ведомствоның мәліметінше, шектеулер Иран өнімдерінің экспортын қамтамасыз ететін және санкцияларды айналып өтуге көмектесетін желілерге қарсы бағытталған Economic Outcast операциясы аясында енгізілді.
АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, Karnakis and Karnakis бірнеше жыл бойы «көлеңкелі флотқа» кіретін кемелерге иелік еткен кеме қатынасы компанияларын тіркеумен айналысқан. Осы құрылымдар арқылы жүздеген миллион доллардың ирандық мұнайы, мұнай өнімдері, мұнай-химия тауарлары мен болаты тасымалданған.
Ведомство өкілдерінің пікірінше, мұндай әрекеттер Тегеранға табыс табуға мүмкіндік берген. Бұл қаражат әскери бағдарламаларды қаржыландыруға, қару-жарақ әзірлеуге және ядролық бағдарламаны дамытуға жұмсалуы мүмкін.
Санкциялық тізімге заң фирмасымен байланысты 5 жеке тұлға, соның ішінде компания иелері мен қызметкерлері де енгізілді.
Бұдан бөлек, АҚШ билігі Қаржы министрлігінің дерегінше, Иран өнімдерін тасымалдауға көмектескен Сингапур мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі кеме қатынасы компанияларына да шектеу қойды.
Санкциялық тізімге мұнай-химия өнімдері мен Ираннан шыққан өзге де тауарларды тасымалдаған жүк кемелері де енгізілген.
Санкция салынған тұлғалар мен компаниялардың АҚШ аумағындағы немесе америкалық тұлғалардың бақылауындағы активтері бұғатталады. Сондай-ақ арнайы рұқсатсыз олармен қаржылық операциялардың басым бөлігіне тыйым салынады.
АҚШ Қаржы министрлігі санкцияларды айналып өту схемаларын анықтау және Иранның кіріс көздерін шектеу мақсатында халықаралық серіктестермен жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Иранға қатысты жаңа санкциялар енгізген болатын.