«Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып Қазақстанда автобуста орын алған қайғылы жағдайда Өзбекстанның елуден астам азаматының қаза болуына байланысты Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтеріне және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтуға рұқсат етіңіздер»,- деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің министрлер деңгейіндегі отырысы барысында.
Еске салайық, төтенше жағдай Ақтөбеден 320 шақырым қашықтықта, Қалыбай кентінен 10 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолының бойында болған. Автобуста Өзбекстанның 54 азаматы мен 3 қазақстандық болған. Автобуста шыққан өрт салдарынан 52 өзбекстандық қаза тапты. Тірі қалғандардың арасында 3 қазақстандық және 2 өзбекстандық бар. Оларды жеңіл деңгейде күйік шалған.