Брифинг барысында Каролин Левитт Байден әкімшілігін «ақымақтық» үшін айыптап, ол Гватемалада жыныс ауыстыру отасына 2 млн доллар жұмсағанын мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Байден президенттігі кезінде АҚШ Ирактағы «Сезам көшесі» жаңа шоуына және «Қазақстандағы жалған ақпаратпен күресуге» миллиондаған доллар бөлді.
- Ирактағы жаңа шоу құруға 20 млн доллар, ал Қазақстандағы «жалған ақпаратпен күресуге» 4,5 млн доллар бөлінді. Байден тағы 6 млн долларды Мысырдағы «туризмді қаржыландыруға» бөлген, - деді Левитт.
Трамптың баспасөз хатшысы қандай жалған ақпаратпен күрес туралы айтып жатқанын түсіндірген жоқ.
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.