АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарының саны белгілі - Ермұхамбет Қоныспаев

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты пікір айтты.

МИД РК ҚР СІМ зима қыс
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Оның айтуынша, АҚШ шекарасында заңсыз мигранттарды қоныстандыратын лагерьлерде Қазақстан азаматтары жоқ.

- Вашингтондағы Қазақстан елшілігі және басқа да консулдық мекемелер АҚШ-тағы азаматтарға қатысты тұрақты есеп жүргізіп тұрады. Жақында біздің елшілік АҚШ-тың көші-қон саясаты бойынша мәлімдеме жасады. Яғни, аталған елде заңсыз жүрген адамдарға тиісті шара қолданылмақ. Дәл қазір заңсыз жүрген адамдардың нақты санын айта алмаймын. Бірақ олардың барлығына ескерту жолданды. Шамамен қанша адам заңсыз жүргені туралы ақпарат бізде бар. Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдасаңыздар, олардың санына қатысты нақты мәлімет береміз, - деді Е. Қоныспаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Еске салсақ, былтыр АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық туралы ақпарат тараған

Таяуда АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты Қазақстан елшілігі шетелде құжатсыз, визасыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтары АҚШ-тан емін-еркін шыға алатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар