— АҚШ уақытымен 9 мамыр, жұма күні кешке Мемлекеттік хатшы Марко Рубио Пәкістан армиясының басшысы генерал Асим Мунирмен сөйлесіп, екі ел арасындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеудің маңызын атап өтті, — деп мәлімдеді Мемлекеттік департамент өкілі Тэмми Брюс.
Рубио сонымен қатар, АҚШ-тың болашақта қақтығыстың өршуіне жол бермеу үшін конструктивті келіссөздер жүргізуге көмектесуге дайын екенін білдірді.
Сенбі күні таңертең Пәкістан бірнеше сағат бұрын өз әуе базаларына жасалған зымыран шабуылына жауап ретінде Үндістанға қарсы әскери операция бастағанын жариялады. Ал Үндістан билігі эскалацияға жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.