АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, бұл модельдер бірнеше бағыт бойынша қауіп төндіреді. Мемлекеттік қызметшілер мен мердігерлер оларды пайдаланса, құпия деректер Қытайға өтіп кетуі мүмкін. Бұған қоса, аталған сервистер АҚШ азаматтары мен мемлекеттік мекемелер туралы жедел барлау мәліметтерін жинауға жол ашуы ықтимал.
Шектеу DeepSeek қосымшасына ғана емес, оның технологиялары негізінде жасалған үшінші тарап сервистеріне де қатысты.
Бұл шешім АҚШ-та Қытай технологияларын шектеуге бағытталған федералдық деңгейдегі ауқымды науқан аясында қабылданды. 29 қазанда АҚШ Федералдық байланыс комиссиясы (FCC) америкалық электрониканы Қытай зертханаларында сынауға тыйым салу мәселесін дауысқа салады.
Еске салайық, бұған дейін Қытайдың жасанды интеллект әзірлеушісі DeepSeek алғашқы инвестициялық раунд аясында $7,4 млрд-тан астам қаржы тартқанын хабарлаған едік. Мәміледен кейін компанияның құны $50 млрд-тан асып, оны Қытайдағы ең қымбат жасанды интеллект стартапына айналдырды.